2026 жылдың 20–24 қараша күндері Өскемен қаласында конькимен мәнерлеп сырғанаудан жастар арасындағы Қазақстан Республикасының чемпионаты өтті.
Аталған дүбірлі додада мектебіміздің спортшылары жоғары шеберлік танытып, жүлделі орындарға ие болды:
🥇 Сергиенко Дмитрий — І орын, Қазақстан чемпионы!
🥈 Бердибаев Кенан — ІІ орын, Қазақстан чемпионатының күміс жүлдегері!
Бұл жарқын жетістік — спортшыларымыздың табандылығы мен тынымсыз еңбегінің, сондай-ақ жаттықтырушыларымыздың кәсіби шеберлігі мен жүйелі дайындығының жемісі.
Жеңімпаздарымыз бен жүлдегерімізді, олардың жаттықтырушыларын шын жүректен құттықтаймыз!
Алдағы жарыстарда толағай табыстар, жаңа жеңістер мен биік белестер тілейміз! Еліміздің көк туын биікте желбірете беріңіздер! 🇰🇿
Жеңістеріңіз құтты болсын!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









