Параканоишы Максим Богатырев екінші мәрте әлем чемпионы атанды

    Г У А Л Е Г У А Й Ч У, Аргентина — 2026 жылғы 21–28 қазан аралығында Аргентинаның Гуалегуайчу қаласында байдарка және каноэде ескеу есуден параканоэ бойынша әлем чемпионаты өтуде.

    Жарыстың екінші күні ерлер арасында KL1 санатындағы байдарка бағдарламасы бойынша 200 метр қашықтықта Қазақстан Республикасынын намысын Шымкент қалалық мамандандырылған балалар-жасөспірімдер спорт мектебінің спортшысы, ҚР спорт шеберлігіне үміткер, ҚР Ұлттық құрамасының мүшесі, паралимпиядашы Максим Богатырев абыроймен қорғап, бірінші орынға ие болды.

    Осылайша, Максим Богатырев әлем чемпионатының екі дүркін чемпионы атанды. Бұл жетістік — ел мерейін асқақтатып, отандық спорттың беделін арттырған зор мақтаныш.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    ""Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы" КММ" жаңалықтары