"Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы" КММ

    Басқарма туралы

    "Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы" коммуналдық мемлекеттік мекемесі дене шынықтыру және спорт саласында басшылықты жүзеге асыратын Қазақстан Республикасының мемлекеттік органы болып табылады.

    Жаңалықтар

    Барлық жаңалықтар

    Сұрақ-жауап

    Сұрақ

    Жаңа стадион қашан және қай жерде салынады?

    Жауап

    Шымкент қаласында Қаратау ауданы, Тұран‑2 шағынауданында сыйымдылығы 35 000 көрерменге арналған жаңа стадионның құрылысы 2025 жылы басталды. 31.07.2025 жылғы «Қазақстан Футбол Федерациясы» Қауымдастығы» заңды тұлғалардың бірлестігінің №40/23 санды шығыс хатымен жаңа стадион эскизі келісілген. Аталған стадионның құрылысы FIFA және UEFA халықаралық талаптарына сәйкес жүргізіліп, 2027жылы пайдалануға беру жоспарлануда. Жер учаскесінің жалпы ауданы 20,5 га (қабат саны-3)

    Сұрақ

    Қала тұрғындар арасында бұқаралық спортты дамытудың ең тиімді жолдары қандай?

    Жауап

    Қала тұрғындары арасында бұқаралық спортты дамытудың ең тиімді жолдарының бірі — тұрғындар үшін қолжетімді, тегін және жүйелі спорттық жаттығуларды ұйымдастыру. Шымкент қаласында бұл бағытта нақты қадамдар жасалуда. Тұрғындардың таңғы белсенділігін арттыру мақсатында Шымкент қаласының 13 саябағында спорт нұсқаушыларының жетекшілігімен таңғы жаттығулар күн сайын сағат 6:00-ден 9:00-ге дейін өткізіледі. Бұл жоба қала тұрғындарының денсаулығын нығайтуға, салауатты өмір салтын қалыптастыруға бағытталған. Жобаға балалар, жастар, ересектер, зейнеткерлер белсенді түрде қатысады (қатысушылар саны 1 мыңға жуық). Таңғы жаттығулар өтетін саябақтардың мекен-жайлары: Дендро саябағы Абай саябағы Металлург саябағы Шахматшылар үйі (Орталық саябақ) Орталық саябағы Жеңіс саябағы Қажымұқан стадион (Вело спорт) Қазақстан-Түркия достығы саябағы Шым Сити саябағы Әкімшілік аллеясы Отбасы аллеясы Алтын дән аллеясы Тұран аллеясы

    Ақпарат

    Баланы спорт мектебіне қалай тіркеуге болады?

    Балалар мен жасөспірімдерді спорт мектебіне қабылдау тәртібі: Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрінің 22.11.2014 жылғы № 106 бұйрығына сәйкес балалар мен жасөспірімдер спорт мектептері (БЖСМ) екі критерийге сәйкес оқушыларды қабылдайды: Таңдалған спорт түрі бойынша спорттық стандарттардысақтау; Спорт түрлері бойынша бастапқы дайындық топтарына қабылдау үшін оқушылардың жасына сәйкестігі (төменде қараңыз). Қажетті құжаттар: Кеңсе арқылы: Ата-анасының немесе заңды өкілінің өтініші; ЖСН бар баланың туу туралы куәлігі/жеке куәлігі; Ата-анасының/өкілінің жеке куәлігі; 027/у нысаны (жолдамасы бар медициналық анықтама); Портал арқылы: eGov.kz 027/у нысаны (жолдамасы бар медициналық анықтама); Осы құжаттар тапсырылған соң, балаңызды спорт мектебіне қабылдау процесі басталады.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер» спорттық разрядын алу үшін қайда жүгінуге болады?

    «Қазақстан Республикасының спорт шеберлігіне үміткер» спорттық разрядын беру Қазақстан Республикасында мемлекеттік қызмет болып табылады. Өтінішті eGov.kz электрондық үкімет порталы арқылы онлайн түрде беруге болады. Мемлекеттік қызмет көрсету тәртібі Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушысының 2014 жылғы 28 қазандағы №56 бұйрығымен бекітілген «Спорттық атақтарды, разрядтарды және біліктілік санаттарын беру нормалары мен талаптарына» сәйкес жүзеге асырылады. Өтініш беру кезінде, әдетте, келесі құжаттар талап етіледі: спорттық разряд беру туралы өтініш; спорттық жарыстардың хаттамалары; Спорт мекемесінің спорт ұсынысы (спортшы туралы толық мәліметтер). Өтінішті қарау мерзімі – 10 жұмыс күні. Мысалы, спортшы ресми жарыстарда белгіленген нормативтерді орындаған немесе жүлделі орын алған жағдайда, ол қажетті құжаттарды жинап, eGov.kz порталы арқылы өтініш жолдай алады. Өтініш қаралғаннан кейін уәкілетті орган спорттық разряд беру немесе бас тарту туралы шешім қабылдайды. Қосымша ақпаратты Қазақстан Республикасы Мәдениет және спорт министрі міндетін атқарушысының 2014 жылғы 28 қазандағы №56 бұйрығынан көруге болады.

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Бір спортшы бір жылда бірнеше рет жеңіске жетсе, қанша төлем алады?

    Егер спортшы жарыстарда жүлделі орын алса, олар мемлекеттен бір реттік ақшалай төлем алады. Бұл төлем мөлшері жарыстың деңгейіне және алынған орынға байланысты есептеледі. Олимпиада, Паралимпиада, Сурдлимпиада ойындарында орын иеленгені үшін спортшылар мен жаттықтырушыларға: 1 орынға – спортшыларға 250 000 АҚШ доллары, жаттықтырушыларға 250 000 АҚШ доллары; 2 орынға – спортшыларға 150 000 АҚШ доллары, жаттықтырушыларға 150 000 АҚШ доллары; 3 орынға – спортшыларға 75 000 АҚШ доллары, жаттқтырушыларға 75 000 АҚШ доллары; 4 орынға 30 000 АҚШ доллары, жаттқтырушыларға 30 000 АҚШ доллары; 5-орынға 10 000 АҚШ доллары, жаттқтырушыларға 10 000 АҚШ доллары; 6-орынға 5 000 АҚШ доллары, жаттқтырушыларға 5 000 АҚШ доллары. Әлем чемпионаттарында (олимпиадалық спорт түрлері бойынша) 1 орынға – спортшыларға 15 000 АҚШ доллары, жаттықтырушыларға 10 000 АҚШ доллары; 2 орынға – спортшыларға 7 000 АҚШ доллары, жаттықтырушыларға 5 000 АҚШ доллары; 3 орынға – спортшыларға 5 000 АҚШ доллары, жаттықтырушыларға 3 000 АҚШ доллары. Азия, Пара Азия ойындары (жазғы, қысқы): 1 орын үшін – спортшыларға 10 000 АҚШ доллары, жаттықтырушыларға 5 000 АҚШ доллары; 2 орынға – спортшыларға 5 000 АҚШ доллары, жаттықтырушыларға 3 000 АҚШ доллары; 3 орынға – спортшыларға 3 000 АҚШ доллары, жаттықтырушыларға 2 000 АҚШ доллары.

    Жарияланды:
    Хабарландыру

    Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы «Шымкент қаласының дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері» коммуналдық мемлекеттік мекемесі директоры лауазымына КОНКУРС ЖАРИЯЛАЙДЫ

    Конкурс өткізу мерзімі:Конкурсқа қатысуға жіберілген тұлғалардың тізімі бекітілгеннен кейін 5 (бес) жұмыс күні ішінде әңгімелесу өткізіледі. Конкурс өткізілетін орын: «Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы» мемлекеттік мекемесі, мекенжайы: Шымкент қаласы, Тұран ауданы, Мәделі Қожа көшесі, 1А ғимарат. Мекеменің атауы, орналасқан орны, пошталық мекенжайы, телефоны, оның негізгі қызметінің қысқаша сипаттамасы:Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасының «Шымкент қаласының дәрігерлік-дене шынықтыру диспансері» коммуналдық мемлекеттік мекемесі, мекенжайы және негізгі қызметі: Шымкент қаласы, Әл-Фараби ауданы, Әлімбетов көшесі, 45 үй, пошталық индексі 160005, спорт саласындағы медициналық қызметті жүзеге асыру. Конкурс қатысушыларына қойылатын негізгі біліктілік талаптар: кадрларды даярлау бағыты бойынша жоғары (немесе жоғары оқу орнынан кейінгі) білім: "Жалпы медицина" немесе "Емдеу ісі" немесе "Педиатрия" немесе "Бизнес, басқару және құқық" мамандықтары бойынша денсаулық сақтау; еңбек өтілі: Денсаулық сақтау немесе дене шынықтыру және спорт саласында немесе басшы лауазымдарда кемінде бес жыл, спорттық медицина саласында кемінде бес жыл, Президенттік жастар кадр резервіне алынған адамдар үшін бес жыл емес, денсаулық сақтау немесе дене шынықтыру және спорт саласында немесе басшы лауазымдарда кемінде төрт жыл жұмыс өтілі жоғары оқу орнынан кейінгі білім беру бағдарламалары бойынша Қазақстан Республикасы Президентінің жанындағы білім беру ұйымдарында немесе шетелдік жоғары оқу орындарында басым мамандықтар бойынша оқуды аяқтаған адамдар үшін, және "Жалпы медицина" немесе "Бизнес, басқару және құқық" мамандығы бойынша "Денсаулық сақтау" кадрларын даярлау бағыты бойынша ғылыми дәрежесі бар адамдар үшін. Конкурс қатысушылары білуі тиіс: Қазақстан Республикасының Конституциясы (бұдан әрі – Конституция); Қазақстан Республикасының Бюджет кодексі (бұдан әрі – Бюджет кодексі); Қазақстан Республикасы Еңбек кодексі (бұдан әрі – Еңбек кодексі); Қазақстан Республикасының әкімшілік рәсімдік-процестік кодексі (бұдан әрі – ӘРПК); "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" Қазақстан Республикасының кодексі (бұдан әрі – "Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы" кодекс); "Мемлекеттік құпиялар туралы", "Қазақстан Республикасындағы баланың құқықтары туралы", "Білім туралы", "Мемлекеттік мүлік туралы", "Дене шынықтыру және спорт туралы", "Сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл туралы", "Мемлекеттік сатып алулар туралы" Қазақстан Республикасының заңдары; "Азаматтық қызметшілерге, мемлекеттік бюджет қаражаты есебінен ұсталатын ұйымдардың қызметкерлеріне, қазыналық кәсіпорындардың қызметкерлеріне еңбекақы төлеу жүйесі туралы" Қазақстан Республикасы Үкіметінің 2015 жылғы 31 желтоқсандағы № 1193 қаулысы (бұдан әрі – Үкіметтің № 1193 қаулысы); педагогика, психология және физиология негіздері; спорттық медицина; дене шынықтыру және спорт саласындағы нормативтік құқықтық актілерді; еңбекті ұйымдастыру және басқару негіздерін; еңбек қауіпсіздігі және еңбекті қорғау, өндірістік санитария, өрт қауіпсіздігі бойынша талаптарын. Конкурсқа қатысуға ниет білдірген тұлға конкурс өткізу туралы хабарландыруда көрсетілген мерзімдерде комиссияға мынадай құжаттарды ұсыну тиіс: конкурсқа қатысу туралы өтініш; қазақ және орыс тілдерінде түйіндеме; білімі туралы диплом көшірмелері; еңбек кітапшасының (ол болған кезде) немесе еңбек шартының көшірмесі не соңғы жұмыс орнынан жұмысқа қабылданғаны және еңбек шартының тоқтатылғаны туралы бұйрықтардың көшірмелері; Конкурсқа қатысушы өзінің біліміне, жұмыс өтіліне, кәсіби даярлық деңгейіне қатысты қосымша ақпаратты (біліктілігін арттыру, ғылыми дәрежелер мен атақтар беру, ғылыми жарияланымдар туралы құжаттардың көшірмелері, сондай-ақ бұрынғы жұмыс орнының басшылығынан ұсынымдар және т.с.) бере алады. Конкурсқа қатысуға мынадай адамдар қабылданбайды: бұрын сыбайлас жемқорлық қылмыс жасаған; Қазақстан Республикасының заңнамасында белгіленген тәртіппен өтелмеген немесе алынбаған соттылығы бар; Қазақстан Республикасының заңнамасында көзделген өзге де жағдайлар. Конкурсқа қатысу туралы өтініштерді беру мерзімі:конкурсқа қатысуға үміткер адамдар үшін құжаттарды қабылдау басқарманың gov.kz ресми интернет-ресурсында конкурс өткізу туралы хабарландыру жарияланған күннен бастап 7 (жеті) жұмыс күні ішінде жүзеге асырылады. Құжаттар мына мекенжайда қабылданады: Шымкент қаласының дене шынықтыру және спорт басқармасы, мекенжайы: Шымкент қаласы, Мәделі Қожа көшесі, 1А ғимарат, 304 кабинет, телефон: 8 (7252) 36-51-53 эл. пошта: [email protected]

    Жарияланды:
    Ақпарат

    ҚЫЗМЕТКЕРЛЕР ТІЗІМ

    Жарияланды:
    Ақпарат

    Сыбайлыс жемқорлық тәуекелдерін жою бойынша

    Жарияланды: