Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық бақылау комитетінің Батыс Қазақстан облысы бойынша департаментінің басшысы лауазымына Кабдыкапаров Нұрлыбек Рыскалиұлы тағайындалды.
Нұрлыбек Рыскалиұлы 1970 жылғы 18 қазанда Атырау облысында дүниеге келген. 1987–1993 жылдары Қарағанды мемлекеттік медицина институтын тәмамдап, дәрігер мамандығын алған. 2006–2008 жылдары Қожа Ахмет Ясауи атындағы Халықаралық қазақ-түрік университетінде «Мемлекеттік және жергілікті басқару» бағыты бойынша білім алған. 2021–2022 жылдары Чехия Республикасында MBA Management in Public Health бағдарламасы бойынша білімін жетілдірген.
2002 жылы медицина ғылымдарының кандидаты ғылыми дәрежесін алған.
Еңбек жолын 1994 жылы Атырау қалалық балалар ауруханасында дәрігер-анестезиолог-реаниматолог болып бастаған.
Әр жылдары денсаулық сақтау саласында және мемлекеттік басқару жүйесінде бірқатар жауапты басшылық қызметтер атқарған. Атап айтқанда:
- 2000–2002 жылдары Атырау қалалық балалар жұқпалы аурулар ауруханасының бас дәрігері;
- 2002–2005 жылдары Атырау қалалық денсаулық сақтау бөлімінің бастығы;
- 2006–2007 жылдары Атырау облысы бойынша денсаулық сақтау департаменті бастығының орынбасары;
- 2007–2009 жылдары Атырау облысы бойынша медициналық қызмет көрсету саласындағы бақылау басқармасы мен департаментінің директоры;
- 2009–2012 жылдары Атырау облысы бойынша медициналық қызметтерге ақы төлеу комитеті департаментінің директоры;
- 2013–2017 жылдары Астана қаласы және Ақмола облысы бойынша медициналық қызметтерге ақы төлеу комитеті департаменттерінің басшысы;
- 2017–2020 жылдары «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Астана, Нұр-Сұлтан және Алматы қалалары бойынша филиалдарының директоры;
- 2020 жылы Атырау облысының денсаулық сақтау басқармасының басшысы;
- 2020–2023 жылдары «Әлеуметтік медициналық сақтандыру қоры» КЕАҚ Нұр-Сұлтан қаласы бойынша филиалының директоры;
- 2023 жылы «Қазақстанның медициналық индустриясы» отандық медициналық бұйымдар өндірушілері мен жеткізушілері одағының атқарушы директоры басқа да жауапты қызметтерді атқарған.
Денсаулық сақтау саласындағы көпжылдық еңбегі мен кәсіби қызметі үшін бірқатар мемлекеттік наградалармен марапатталған. Атап айтқанда, «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі», «Денсаулық сақтау ісіне қосқан үлесі үшін» төсбелгілерімен, «Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігіне 20 жыл» мерейтойлық медалімен және 2021 жылы «Құрмет» орденімен марапатталған.
Нұрлыбек Рыскалиұлына жаңа қызметінде табыс, жауапты жұмысына сәттілік және денсаулық сақтау саласының дамуына үлес қосу жолында толағай жетістіктер тілейміз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









