ПАВЛОДАР ОБЛЫСЫ БОЙЫНША ДЕПАРТАМЕНТІНІҢ БАСШЫСЫ ТАҒАЙЫНДАЛДЫ

    Нұрлан Сәлімұлы Әхілбеков Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Медициналық бақылау комитетінің Павлодар облысы бойынша департаментінің басшысы қызметіне тағайындалды.

    Бүгін ҚР ДСМ Медициналық бақылау комитетінің төрағасы Лаурра Мұстафақызы Павлодар облысындағы іс-сапары кезінде ұжымға жаңа басшыны таныстырып, жұмысына сәттілік тіледі.

    Нұрлан Әхілбеков 1968 жылғы 20 шілдеде Ақмола облысында дүниеге келген.

    1993 жылы Қарағанды мемлекеттік медициналық институтын, 2005 жылы Қарағанды экономикалық университетін, 2016 жылы «ҚАЗМЗУ Университеті» АҚ-ны тәмамдаған. Сондай-ақ 2018 жылы Словакия Республикасындағы Данубиус университетінде білім алған.

    Мамандығы – дәрігер-педиатр. Біліктілігі бойынша экономика және бизнес, іскерлік әкімшілік, денсаулық сақтау менеджменті және қоғамдық денсаулық сақтау бағыттарында білім алған. PhD ғылыми дәрежесі бар.

    Денсаулық сақтау саласындағы жалпы еңбек өтілі – 33 жылдан астам.

    Еңбек жолын 1993 жылы Торғай облыстық ауруханасында дәрігер-интерн болып бастаған. Әр жылдары дәрігер-анестезиолог-реаниматолог, перинаталдық орталық дәрігері, аудандық орталық аурухананың бас дәрігері қызметтерін атқарған.

    2005 жылдан бастап Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің медициналық қызметтер сапасын бақылау жүйесінде еңбек етіп, Солтүстік Қазақстан облысы бойынша басқарма мен департаментте бөлім басшысы қызметтерін атқарды.

    Кейін Солтүстік Қазақстан облыстық аумақтық апаттар медицинасы орталығының директоры, облыстық жедел медициналық жәрдем орталығының басшысы, Республикалық ғылыми орталықтың жедел медициналық жәрдем орталығының медициналық басшысы, Республикалық санитариялық авиация орталығы директорының орынбасары және директоры қызметтерін атқарды.

    2017–2020 жылдары Әлеуметтік медициналық сақтандыру қорының Ақмола облысы бойынша филиалын басқарды.

    2020–2021 жылдары Ұлттық шұғыл медицинаны үйлестіру орталығының Басқарма төрағасы болды.

    2022–2024 жылдары Ақмола облысының денсаулық сақтау басқармасын басқарды. 2025–2026 жылдары Ақмола облыстық АИТВ-инфекциясының алдын алу орталығының бас дәрігері қызметін атқарды.

    2026 жылғы маусымнан бастап Ұлттық қоғамдық денсаулық сақтау орталығының ТЖ жедел орталығының директоры қызметін атқарды.

    2008 жылы «Қазақстан Республикасы денсаулық сақтау ісінің үздігі» төсбелгісімен марапатталған. Сондай-ақ денсаулық сақтау саласындағы еңбегі үшін ведомстволық наградалары бар.

    Жаңа қызметінде Нұрлан Сәлімұлына табыс пен кәсіби жетістіктер тілейміз!

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық бақылау комитеті" жаңалықтары