ФАРМАЦИЯ КОМИТЕТІНІҢ ӨКІЛДЕРІ DIGITAL TAÑBA 2026 ФОРУМЫНА ҚАТЫСТЫ

    1 / 5

    Астанада мемлекеттік органдардың, бизнес өкілдерінің және халықаралық операторлардың басын қосқан Digital Tañba 2026 форумы өтті. Форумда цифрлық таңбалауды дамыту, трансшекаралық сауда, халықтың денсаулығын қорғау және тұтынушылардың тауарларға деген сенімін арттыру мәселелері талқыланды.

    Форумға Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігі Фармация комитетінің төрағасы БауыржанЖүсіпов пен Фармация комитетініңПрофилактикалық бақылау басқармасының басшысыӘсия Молдиманова қатысты.

    «Цифрлық таңбалау: жүйелік шешімдерден нақты нәтижеге дейін» атты мемлекетаралық пленарлық сессия барысында БауыржанЖүсіпов модератордың сұрақтарына жауап беріп, Қазақстанда дәрілік заттарды міндетті таңбалау жүйесін енгізу нәтижелері және оның мемлекет, медициналық ұйымдар мен пациенттер үшін маңызы туралы айтты.

    Комитет төрағасының айтуынша, 2024 жылғы 1 шілдеден бастап дәрілік заттарды міндетті таңбалау енгізілгеннен кейін Қазақстанда әрбір дәрі қаптамасының қозғалысын цифрлық жүйе арқылы бақылау мүмкіндігі пайда болды. Бірегей Data Matrix коды дәрінің өндірушіден немесе импорттаушыдан бастап медициналық ұйымға, дәріханаға және соңғы тұтынушыға дейінгі жолын қадағалауға мүмкіндік береді.

    Мемлекет үшін бұл, ең алдымен, дәрілік заттардың айналымын бақылауға және заңбұзушылықтарды анықтауға көмектеседі. Атап айтқанда, цифрлық бақылау жүйесінің арқасында халыққа тегін берілуге тиіс, бірақ заңсыз түрде коммерциялық дәріханаларға түскен 27 мыңнан астам дәрі қаптамасы анықталған.

    Цифрлық таңбалау медициналық ұйымдарға да дәрі-дәрмек қорын тиімді басқаруға, олардың жеткізілуі мен берілуін бақылауға, сондай-ақ нақты қажеттілікке қарай сатып алуды жоспарлауға мүмкіндік береді.

    Бұл жұмыстың бюджет қаражатын үнемдеуге де әсері бар. 2026 жылдың алғашқы сегіз айында дәрі-дәрмек қорын өңірлер бойынша басқару кезінде цифрлық деректерді пайдалану сатып алуды оңтайландыру арқылы шамамен 40 млрд теңге үнемдеуге мүмкіндік берген.

    БауыржанЖүсіпов пациенттердің қауіпсіздігіне де ерекше тоқталды. Naqty Onim мобильді қосымшасы арқылы әрбір азамат Data Matrix кодын сканерлеп, дәрі туралы ақпаратты тексере алады және оның заңды айналымда екеніне көз жеткізе алады. Сондай-ақ қосымша арқылы анықталған заңбұзушылықтар туралы хабарлауға болады.

    Комитет төрағасы цифрлық таңбалаудың басты мақсаты әрбір дәрі қаптамасын есепке алумен ғана шектелмейтінін атап өтті. Ең маңыздысы, қажетті дәрілер пациенттерге уақытында жетіп, бюджет қаражаты тиімді әрі мақсатты жұмсалуы тиіс.

    Сонымен қатар «Тауарларды таңбалау халық денсаулығын қорғау құралы ретінде» атты панельдік сессияда Фармация комитетініңПрофилактикалық бақылау басқармасының басшысыӘсия Молдиманова сөзалды. Сессия барысында таңбалаудың халық денсаулығын қорғаудағы рөлі, сондай-ақ өнімнің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау мәселелері талқыланды.

    Форум қорытындысы бойыншаӘсия Молдимановаға алғыс хат табысталды.

    ҚР ДСМФармация комитеті өкілдерінің Digital Tañba 2026 форумына қатысуы Қазақстанның дәрілік заттардың цифрлық қадағалану саласындағы тәжірибесімен бөлісуге және фармациянарығынбақылау мен пациенттерді қорғаудағы таңбалау жүйесін одан әрі дамыту мәселелерін талқылауға мүмкіндік берді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің Медициналық бақылау комитеті" жаңалықтары