«Заң мен тәртіп» тұжырымдамасы аясында Батыс Қазақстан индустриалды колледжінің студенттерімен ақпараттық-түсіндіру кездесуі өтті.
Іс-шараға БҚО бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің аға тергеушісі Лаура Нұрланқызы, психолог Анархан Каримуллақызы және теолог Асылбек Жанболатұлы қатысты.
Кездесу барысында студенттерге қаржылық сауаттылық, интернет алаяқтықтың жаңа түрлері, соның ішінде дипфейк технологиясының қаупі, психологиялық қолдау және діни сауаттылық мәселелері түсіндірілді.
Іс-шараның басты мақсаты – жастардың құқықтық сауаттылығын арттыру, қауіпсіздік мәдениетін қалыптастыру және олардың жауапкершілігін нығайту.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









