«Таза Қазақстан» экологиялық акциясы аясында*

    1 / 10

    Ырғайты ауылдық округіне қарасты Көктұма ауылында көгалдандыру және абаттандыру жұмыстары жүргізіліп, ағаш отырғызу шарасы ұйымдастырылды.

    Игі бастамаға ауылдық округ әкімдігі, ауылдық амбулатория, мектеп ұжымы, орман шаруашылығы, өрт сөндіру бекеті қызметкерлері және қоғамдық жұмысшылар белсене қатысып, қоршаған ортаны көркейтуге өз үлестерін қосты.

    Шара барысында Сібір шыршасы және қарағай ағаш көшеттері отырғызылды.

    Табиғатты аялау – туған жерге деген жанашырлықтың белгісі. Таза әрі жасыл ауыл – баршамыздың ортақ мақсатымыз!

    #ТазаҚазақстан #Көктұма #ЫрғайтыАуылдықОкругі #Көгалдандыру #Тазалық

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Ырғайты ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары