Қарттар – елдің қазынасы

    Қарттар – елдің қазынасы

    Қарттар – елдің қазынасы

    1 қазан – Қарттар күніне орай Ырғайты ауылдық округінде тағылымы мол мерекелік кездесу өтті.

    Ырғайты ауылдық округінің әкімі Б.М. Тананов ауылдың ардақты ақсақалдары мен аяулы әжелерін мерекемен құттықтап, оларға жылы лебізін білдірді. Қарияларға құрмет көрсетіліп, гүл шоқтары мен тәттілер салынған себеттер табысталды.

    Қазақ халқында « Қарты бар үйдің – қазынасы бар » деген тағылымды сөз бар. Үлкенді сыйлау, олардың өнегелі өмір жолын кейінгі ұрпаққа үлгі ету – халқымыздың ежелден келе жатқан салты.

    Қариялар – елдің өткенін бүгінмен жалғап, жас ұрпаққа ақыл-кеңесін айтып, ақ батасын беретін аяулы жандар. Олардың еңбегі мен өмірлік тәжірибесі – баға жетпес мұра.

    Мерекелік шара барысында ауыл қарияларына зор денсаулық, ұзақ ғұмыр, отбасыларына амандық, бақ-береке тілектері айтылды.

    Қариясын ардақтаған елдің – берекесі артады.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Алакөл ауданы Ырғайты ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары