2026 жылғы 17 қарашада Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының ұйымдастыруымен «Қаржылық есептіліктің нысандарын, мерзімділігін және оны жасау мен ұсыну қағидаларын бекіту туралы» Қазақстан Республикасы Қаржы министрінің 2025 жылғы 15 мамырдағы №230 бұйрығының талаптарын түсіндіру мақсатында онлайн форматта семинар өткізілді.
Семинарға облыстық бюджеттік бағдарлама әкімшілері мен аудандық, қалалық экономика және қаржы бөлімдерінің жауапты мамандары қатысты.
Іс-шара барысында қаржылық есептілік нысандарын толтыру, шоғырландырылған есептілікті жасау және ұсыну тәртібі бойынша түсіндірме жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, тоқсандық және жылдық баланстық есептілікті дайындау және белгіленген мерзімде ұсыну мәселелері қаралды.
✅ Семинардың негізгі мақсаты – қаржылық есептіліктің сапасын арттыру, оның дұрыс әрі уақтылы ұсынылуын қамтамасыз ету.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






