«Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында электронды кітаптар бөлімі ашылды

    Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының ресми сайтында «Кітап оқитын ұлт» жобасы аясында электронды кітаптар бөлімі ашылды.

    Аталған бөлім оқырмандардың кітап оқуға деген қызығушылығын арттыруға, оқу мәдениетін қалыптастыруға және әдеби шығармалардың қолжетімділігін қамтамасыз етуге бағытталған.

    Бөлімде қазақ әдебиетінің көрнекті қаламгерлерінің шығармалары мен танымдық кітаптардың PDF форматындағы электронды нұсқалары орналастырылады.

    Оқырмандар ұсынылған кітаптарды электронды форматта оқып, әдеби дүниетанымын кеңейте алады.

    Кітап оқу – рухани дамудың және үздіксіз білім алудың маңызды құралы.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысының қаржы және мемлекеттік активтер басқармасы" жаңалықтары