Марапаттарды Қаржы және мемлекеттік активтер басқармасының басшысы Ажиметова Гульфари Нұржанқызы табыстады.
Салтанатты шарада әріптестерге жылы лебіздер айтылып, алдағы жұмыстарына сәттілік тіленді.
Басқарма басшысы өз сөзінде қаржы саласы мамандарының облысымыздың әлеуметтік-экономикалық дамуына қосып жатқан үлесі зор екенін атап өтті. Төл теңгеміздің тұрақтылығы мен қаржы жүйесінің дамуы – әрбір қызметкердің күнделікті адал еңбегінің жемісі.
Ұлттық валюта – Тәуелсіздігіміздің айқын белгісі, ел экономикасының берік тірегі. Осы мерекеде қаржыгерлердің еңбегін атап өту – үлкен құрмет.
Марапат – еңбекке көрсетілген құрмет пен кәсіби қызметке берілген жоғары баға.
Барша марапат иелерін шын жүректен құттықтаймыз! Еңбектеріңіз жемісті, абыройларыңыз асқақ болсын!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.






