Астана қаласында ауыл мектептерінің 9–11-сынып оқушылары арасында жалпы білім беретін пәндер бойынша республикалық олимпиаданың қорытынды кезеңі өтті. Білім бәйгесінде Түркістан облысының оқушылары жоғары нәтиже көрсетіп, командалық есепте Гран-при жүлдесін жеңіп алды.
Республикалық білім додасында өңір намысын қорғаған 30 оқушының 20-сы жүлдегер атанды. Атап айтқанда, 6 оқушы І орын, 8 оқушы ІІ орын, 6 оқушы ІІІ орын иеленді. Сонымен қатар екі оқушы арнайы мақтау қағазымен марапатталды.
І орын иегерлері:
Жәнібекқызы Дарина – Түлкібас ауданы, 10-сынып.
Касимова Адия – Түлкібас ауданы, 10-сынып.
Балтабай Марлен – Түлкібас ауданы, 11-сынып.
Абдугафуров Нұрдәулет – Сауран ауданы, 11-сынып.
Нурханова Мазмуна – Сауран ауданы, 10-сынып.
Тайыр Кәусар – Отырар ауданы, 10-сынып.
ІІ орын иегерлері:
Ахмедов Лазизбек – Сайрам ауданы, 11-сынып.
Улугбекова Чарос – Сайрам ауданы, 11-сынып.
Кемелхан Нұрасыл – Түлкібас ауданы, 10-сынып.
Ким Эвелина – Түлкібас ауданы, 11-сынып.
Хикматуллаева Сабина – Кентау қаласы, М. Қашғари мектебі, 11-сынып.
Мубашарова Шахзода – Кентау қаласы, М. Қашғари мектебі, 11-сынып.
Шахапова Шахзода – Кентау қаласы, 10-сынып.
Тажибай Арай – Жетісай ауданы, 10-сынып.
ІІІ орын иегерлері:
Темирхан Айзере – Түлкібас ауданы, 10-сынып.
Қазбеков Қуаныш – Сауран ауданы, 11-сынып.
Жақсылық Інжу – Шардара ауданы, 10-сынып.
Пайзхан Мәдина – Жетісай ауданы, 11-сынып.
Құрбанәлі Аяжан – Отырар ауданы, 10-сынып.
Нұрбекқызы Жанерке – Созақ ауданы, 10-сынып.
Бұл жетістік – оқушылардың табанды еңбегі мен білімге деген құштарлығының, ұстаздардың кәсіби шеберлігі мен жетекшілердің жүйелі жұмысының, сондай-ақ ата-аналардың қолдауының нәтижесі.
Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









