«Заң және тәртіп» қағидаты аясында профилактикалық кездесу өтті

    1 / 5

    Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің Әдеп жөніндегі уәкілдерінің 2026 жылға арналған үлгілік жұмыс жоспарының 2.5-тармағына сәйкес және «Заң және Тәртіп» идеологиясын ілгерілету аясында профилактикалық кездесу

    Мемлекеттік қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болуының алдын алу және оған жол бермеу бойынша, «Заң және тәртіп» тақырыбында ақпараттық-түсіндіру кездесуі ұйымдастырылды.

    Кездесу барысында мемлекеттік қызметшілердің қызметшілердің қоғамдық орындарда алкогольдік және есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде болуының алдын алу және оған жол бермеу бойынша, есірткі құралдардың, психотроптық заттарды, олардың аналогтарын, прекурсорларды медициналық емес мақсатта тұтыну, көлік құралын алкогольдік және (немесе) есірткілік, және (немесе) уытқұмарлық масаң күйде басқаруын алдын алу мақсатында, «Заң және тәртіп» тақырыбында салауатты өмір салтын насихаттау және азаматтың құқық тәртібін қалыптастыру бойынша өзекті мәселелер талқыланып, профилактикалық жұмыс жүргізілді.

    Кездесу спикерлері:
    1. Атырау облысы Полиция Департаменті Есірткі қылмысына қарсы іс-қимыл басқармасының жедел уәкілі полиция майоры – Ідірісов Айбол Қайратұлы.
    2. Атырау облысы Полиция Департаменті Есірткі құқық бұзушылығының профилактикасы жөніндегі кеңесінің мүшесі және Жаңғыру оңалту орталығының директоры - Ізбасаров Асқар Амандықұлы.
    3. Атырау облысы Полиция Департаменті Есірткі құқық бұзушылығының профилактикасы жөніндегі кеңес төрағасының орынбасары, Атырау каратэ федерациясының басшысы, Халықаралық дәрежедегі спорт шебері- Котов Андрей Павлович. на русский и английский

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Атырау облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары