«Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі» профилактикалық іс-шара-акциясы

    1 / 4

    2026 жылғы 20 қарашада Знаменское ауылының Совхоз орта мектебінде «Заң және тәртіп» идеологиясын ілгерілету тұжырымдамасын іске асыру шеңберінде оқушылармен, педагогикалық ұжыммен және ата - аналар комитетінің өкілдерімен профилактикалық іс-шара - «Жол қозғалысына қатысушылардың қауіпсіздігі» акциясы өткізілді. Кездесу Светлопольск ауылдық округінің әкімі С. Б. Теміреев пен учаскелік полиция инспекторы С. Б. Жултановтың қатысуымен өтті. Іс-шара барысында тәуліктің қараңғы (кешкі) уақытында жолдардағы қауіпсіздік мәселелері, мұздағы жүріс-тұрыс ережелері, интернет қауіпсіздігі, сондай-ақ құқық бұзушылықтардың алдын алу және мектепке тыйым салынған заттардың әкелінуіне жол бермеу шаралары егжей-тегжейлі қаралып, түсіндірілді. Мұндай іс-шаралар өскелең ұрпақтың бойында құқықтық мәдениетті, тәртіпті және өз қауіпсіздігі мен басқалардың қауіпсіздігіне жауапкершілікпен қарауды қалыптастырады, сондай-ақ ата-аналарға балалардың тәрбиесі, бақылауы және қауіпсіздігі үшін жауапкершіліктерін еске салады.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Солтүстік Қазақстан облысы Қызылжар ауданы Светлопольск ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары