Абай облысының грек-рим, еркін және әйелдер күресі федерациясының президенті болып Елдар Нұрланбекұлы Тоқтаров тағайындалды.
Жаңа басшыны Әлихан Бөкейхан университетінің конференц-залында өткен жиында Абай облысы Спорт басқармасының басшысы Бақыт Бекбосынов таныстырды.
Жиынға федерация мүшелері, күрес спортының ардагерлері мен жаттықтырушылар қатысты.
Кездесу барысында өңірде күрес спортын дамыту, жас спортшыларды қолдау, спорттық резервті қалыптастыру және балуандардың республикалық әрі халықаралық жарыстардағы нәтижелерін арттыру мәселелері сөз болды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









