Ақтөбеде ет пен сүт өнімдері тиімді бағамен сатылды

    1 / 8

    Ақтөбеде тұрғындарға ауыл шаруашылығы өнімдерін қолжетімді бағамен ұсыну жұмыстары жалғасып жатыр. Кезекті жәрмеңкеде ет, сүт өнімдері мен көкөністер нарықтағы бағадан 15–20 пайызға төмен бағамен сатылды.

    Сауда алаңы бұл жолы «Табыс» коммуналдық базарында ұйымдастырылды. Жәрмеңкеге Әйтеке би, Мұғалжар және Қарғалы аудандарының ауыл шаруашылығы тауар өндірушілері қатысты.

    Сатылымға 3,8 тонна ет, 1,2 тоннадан астам сүт өнімі және 1 тонна көкөніс шығарылды. Сонымен қатар қала тұрғындарына «Ауыл аманаты» жобасы аясында өндірілген өнімдер ұсынылды.

    Ұйымдастырушылардың айтуынша, мұндай жәрмеңкелер жергілікті өндірушілердің өнімін тікелей тұтынушыға жеткізуге және тұрғындардың сапалы азық-түлікті тиімді бағамен сатып алуына мүмкіндік береді.

    «Дала дәмі» республикалық тұжырымдамасы аясындағы ауыл шаруашылығы жәрмеңкелері 2026 жылдың соңына дейін әр сенбі сайын өткізіледі. Бастама азық-түлік қауіпсіздігін қамтамасыз етуге, баға тұрақтылығын сақтауға және отандық өндірушілерді қолдауға бағытталған.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Ақтөбе облысының әкімдігі" жаңалықтары