Үлгілі жүргізушілер: Жамбыл облысында жол қозғалысы ережелерін сақтайтын азаматтар марапатталды
Тараз қаласында жол қозғалысына қатысушылардың құқықтық мәдениетін арттыруға және жол жүру қағидаларын қатаң сақтайтын жүргізушілердің оң үлгісін насихаттауға бағытталған «Үлгілі жүргізуші – 2026» акциясы өтті.
Іс-шараға полиция қызметкерлері, жас жол инспекторлары мен волонтерлер қатысты. Акция аясында полицейлер автокөліктерді іріктеп тоқтатып, жүргізушілердің құжаттарын тексерді.
Соңғы бір жыл ішінде жол қозғалысы қағидаларын бұзу деректері тіркелмеген жүргізушілерге ынталандыру сыйлықтары мен жол қауіпсіздігі туралы жадынамалар табысталды.
Жас жол инспекторлары жол жүру қағидаларын қатаң сақтауға шақыратын балалардың суреттерін дайындап, жүргізушілерге ұсынды. Ал волонтерлер қала тұрғындарына жол қозғалысы ережелерін сақтау қажеттігі туралы ақпараттық парақшалар таратты.
Акцияның негізгі мақсаты – жолдағы қауіпсіздік пен жауапкершіліктің маңызын насихаттау, сондай-ақ күнделікті жол қозғалысында тәртіп пен мәдениеттің үлгісін көрсетіп жүрген жүргізушілерді ынталандыру
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









