«Адал азамат» тәрбие бағдарламасы аясында «„Адал азамат“ құндылықтарынан — ұстаздыққа бейімділікке: „Болашақ педагог“ жобасын іске асыру тәжірибесі, практикалары мен перспективалары» тақырыбында тірек мектептер тобының семинар-практикумы өтті.
Семинар педагогикалық тәжірибе алмасуға, оқушылардың мұғалім мамандығына қызығушылығын арттыруға және олардың кәсіби бағдарын айқындауына қолдау көрсетудің практикалық тәсілдеріне арналды.
Қатысушылар көрме материалдарымен танысты. Мектеп басшысы Лекеров С.Р. құттықтау сөз сөйледі. Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Шорник Н.Н. «Адал азамат» бағдарламасының құндылықтары негізінде шағын жинақты мектеп жағдайында «Болашақ педагог» жобасын іске асыру тәжірибесімен бөлісті. Педагогикалық сынып оқушылары «Менің педагогикалық сыныбым. Алғашқы қызығушылықтан — саналы таңдауға» тақырыбындағы сөздерінде мұғалім мамандығымен танысу жолдары туралы әңгімеледі.
Практикалық бөлімде педагог-кәсіби бағдар беруші Лекеров С.Р. «Мамандыққа алғашқы қадам: өзімді мұғалім рөлінде сынап көремін» атты кәсіптік бағдар беру сабағын өткізді.
Информатика пәнінің мұғалімі Саратов В.С. өткізген «Жасанды интеллект платформалары: сабақ идеясынан контент жасауға дейін» шеберлік сабағында оқу материалдарын дайындауда жасанды интеллектіні қолдану мүмкіндіктері ұсынылды. Педагог-психолог Жоргембаева А.А. мамандықты саналы түрде таңдауға қолдау көрсетуге арналған «Мен және мамандықтар әлемі: кәсіптік бағдар беру жұмысының психологиялық құралдары» атты шеберлік сабағын өткізді.
Семинар бағдарламасы концерттік қойылымдармен толықтырылды. Іс-шара соңында білім бөлімінің әдіскері Калденова А.Н. ұйымдастырушылармен және қатысушылармен бірлесіп жұмыс қорытындысын шығарды. Рефлексия барысында қатысушылар алған әсерлерімен бөлісіп, «Болашақ педагог» жобасын одан әрі дамыту жөнінде ұсыныстарын білдірді.
Семинар педагогикалық еңбекке құрмет қалыптастыруға және болашақ ұстаздарға қолдау көрсетуге бағытталған кәсіби пікір алмасу мен тәжірибе бөлісу алаңына айналды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









