Ашық есік күні — мамандық таңдауға қадам

    1 / 4

    2026 жылғы 4 қарашада Осакаровка кентіндегі «Жастар» балалар мен жасөспірімдер орталығында ауданның мектеп түлектеріне арналған Әбілқас Сағынов атындағы Қарағанды техникалық университеті мен «Bolashaq» академиясының Open Day ашық есік күні өтті.

    Кездесуге аудан мектептерінің 150-ден астам жоғары сынып оқушысы қатысып, жоғары оқу орындарының білім беру мүмкіндіктерімен, мамандықтарымен және студенттік өмірімен танысты.

    Ашық есік күні аясында оқушыларға жоғары оқу орындарының білім беру бағдарламалары, оқуға қабылдау ережелері, болашақ мамандықты таңдау және жоғары білім алу мүмкіндіктері туралы толық ақпарат ұсынылды. Сондай-ақ қатысушылар оқу орындарының материалдық-техникалық базасы, оқу үдерісінің ұйымдастырылуы және студенттерге жасалған жағдайлар туралы білді.

    Іс-шараның мәдени бағдарламасы концертке ұласты. Jas Orda жастар қауымдастығының белсенділері қатысушыларға өнер көрсетіп, мерекелік көңіл күй сыйлады. Сонымен қатар қауымдастық өкілдері оның қызметі, негізгі жұмыс бағыттары және студент жастарға арналған мүмкіндіктері туралы айтып берді.

    Осакаров ауданында ұйымдастырылған ашық есік күні оқушыларға кәсіптік бағдар беруге, олардың жоғары техникалық білім алуға қызығушылығын арттыруға және жоғары оқу орындары мен аудан мектептері арасындағы ынтымақтастықты нығайтуға бағытталды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы білім басқармасының «Осакаров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары