Бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған "Алтын тұғыр" республикалық математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі

    Ағымдағы жылдың 28 қазанында «№12 тірек мектебі (ресурстық орталығы)» КММ базасында бастауыш сынып мұғалімдеріне арналған «Алтын тұғыр» республикалық математикалық олимпиадасының аудандық кезеңі өтті.

    Олимпиаданың мақсаты-бастауыш сынып мұғалімдерінің кәсіби қызметте жоғары нәтижелерге қол жеткізуге деген ұмтылысын арттыру, шығармашылық әлеуетін дамыту және мұғалімдердің педагогикалық шеберлігін жетілдіру.

    Олимпиадаға 48 бастауыш сынып мұғалімдері қатысты. Олимпиада нәтижелері бойынша жүлдегерлер қатысқаны үшін дипломдармен, грамоталармен және сертификаттармен марапатталды.

    8 жүлдегер олимпиаданың облыстық кезеңіне қатысуға жолдама алды.

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы білім басқармасының «Осакаров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары