Осакаров ауданының жас тарихшылары — «Менің кіші Отаным» байқауының қатысушылары

    1 / 3

    2025 жылғы 15 қазанда Осакаровка кентіндегі № 12 жалпы білім беретін мектеп базасында 9–10 сынып оқушылары арасында «Менің кіші Отаным» жас тарихшылардың республикалық зияткерлік байқауының аудандық кезеңі өтті.

    Байқау оқушылардың зерттеушілік және талдау дағдыларын қалыптастыруға, туған өлкенің тарихына қызығушылығын арттыруға, отансүйгіштік пен азаматтық белсенділікке тәрбиелеуге, сондай-ақ туған жердің өткені мен болашағын зерделеуге шығармашылық көзқарасын дамытуға бағытталған.

    Аудандық кезеңге алты мектептің өкілдері қатысты. Қазылар алқасының шешімі бойынша облыстық кезеңде Осакаров ауданының намысын келесі оқушылар қорғайды:

    Абишева Мадина, А. Бөкейхан атындағы жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы — «Тұлға және дәуір: цифрлық тарихи портрет» номинациясы бойынша;

    Казенова Адия, Абай атындағы жалпы білім беретін мектептің 10-сынып оқушысы — «Ақылды өлке: болашаққа арналған шешім» номинациясы бойынша;

    Тарабрина Н., № 32 жалпы орта білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы — «Бір жәдігер — бір тарих» номинациясы бойынша;

    Саметай Назым, Қ. Сәтбаев атындағы жалпы білім беретін мектептің 9-сынып оқушысы — «Туған өлкемнің цифрлық шежіресі» номинациясы бойынша.

    Аудандық кезең жеңімпаздарын құттықтаймыз! Жас тарихшыларға шабыт, жаңа ізденістер мен тың жаңалықтар тілейміз! Байқаудың облыстық кезеңінде сәттілік серік болсын!

    Жаңалықтардан хабардар болыңыз@memleket_newsҚазақстандағы маңызды оқиғалардан хабардар болу үшін memleket.kz Telegram арнасына жазылыңыз.Жазылу

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы білім басқармасының «Осакаров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары