Агросынып — мамандықты саналы таңдауға қадам

    1 / 18

    «Адал азамат» тәрбие бағдарламасы мен «Еңбегі адал – жас өрен» жобасы аясында «Агросынып — ауыл шаруашылығына қадам» жобасын іске асыруға арналған «Практикалық дағдылардан ауыл шаруашылығы мамандығын саналы таңдауға» тақырыбында тірек мектептер тобының семинары өтті.
    Семинар педагогикалық тәжірибе алмасуға және оқушылардың кәсіби бағдарын айқындаудағы агросыныптардың мүмкіндіктерін талқылауға арналған алаңға айналды. Қатысушылар ауыл шаруашылығына қызығушылықты дамытуға және еңбекке құрметпен қарауға тәрбиелеуге бағытталған оқушылар жұмыстарының көрмесімен және жобаларымен танысты.
    Кәсіби бағдар беруші педагог Шлегель Н.В. «Бүгінгі таңда ауыл мектебіне агросынып не үшін қажет?» және «Балалар көзімен заманауи ауыл шаруашылығы мамандықтары» тақырыптарында таныстырылымдар ұсынды. Оқушыларды аграрлық мамандықтармен таныстыру және олардың практикалық дағдыларын қалыптастырудағы ауыл мектебінің мүмкіндіктеріне ерекше назар аударылды.
    Биология және химия пәндерінің мұғалімі Чайко К.И. жетекшілік еткен практикалық бөлім бастауыш сынып мұғалімі Бодрова О.И. өткізген «Әр мектепте агросынып» жобалық шеберханасымен жалғасты. Қатысушылар екі топқа бөлініп, шағын жобалар әзірледі және қорғады, оларды мектептерде жүзеге асыру идеяларын талқылады.
    «Ауыл шаруашылығы — болашақ мамандықтары» диалог алаңы ерекше қызығушылық тудырды. Оқушылар кәсіби бағдар беруші педагогпен бірлесіп, «Куковскийлер фермер отбасының бір күні» бейнеролигін және «Аралар және ара шаруашылығы», «Нанның дастарқанға дейінгі жолы», «Шөп шабу» жобаларын таныстырды. Оқушылардың жұмыстары ауыл тұрғындарының еңбегімен танысу ауыл шаруашылығы мамандықтарының ерекшеліктерін тереңірек түсінуге көмектесетінін көрсетті.
    Қорытындылау барысында мектеп директоры Степанова О.Н., білім бөлімінің әдіскері Калденова А.Н. және кәсіби бағдар беруші педагог Шлегель Н.В. қатысушылармен бірге жұмыс нәтижелері мен «Агросынып — ауыл шаруашылығына қадам» жобасын дамыту перспективаларын талқылады. Мектеп директоры оқушылардың ауыл шаруашылығы мамандықтарына қызығушылығын қалыптастыруда практикалық сабақтар мен педагогтер ынтымақтастығының маңызын атап өтті. Сауалнама мен рефлексия қатысушыларға өз әсерлері және ұсыныстарымен бөлісуге мүмкіндік берді.
    Осындай кездесулер педагогтер арасындағы ынтымақтастықты дамытуға, практикалық тәжірибені таратуға және оқушылардың болашақ мамандығын саналы таңдауына жағдай жасауға ықпал етеді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Қарағанды облысы білім басқармасының «Осакаров ауданының білім бөлімі» мемлекеттік мекемесі" жаңалықтары