Жас маманды ұжымға таныстыру бойынша жиналыс.

    Бейнеу аудандық мәслихатының аппаратындаGPAкөрсеткіші негізінде конкурссыз тәртіппен мемлекеттік қызметке қабылданған жас маманды ұжымға таныстыру бойынша жиналыс өткізілді.

    Жиналыс барысында жаңа қызметкер ұжымға таныстырылып, мекеменің қызметін ұйымдастыру тәртібі мен ішкі еңбек талаптары түсіндірілді.

    Атап айтқанда, ішкі еңбек тәртібін сақтау, жұмыс уақытына жауапкершілікпен қарау, қызметтік әдеп нормаларын ұстану, іскерлік киім үлгісін сақтау, әріптестермен өзара сыйластық қарым-қатынас орнату және қызметтік міндеттерді сапалы орындау мәселелері талқыланды.

    Сонымен қатар, жас маманның жаңа қызметтік ортаға бейімделуіне, ұжыммен тығыз байланыс орнатуына және кәсіби дағдыларын дамытуына назар аударылды.

    Жиналыс қорытындысы бойынша мемлекеттік қызметшінің жауапкершілігі, тәртібі мен кәсібилігі мемлекеттік қызметтің негізгі талаптары екені атап өтілді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Бейнеу аудандық мәслихатының аппараты" жаңалықтары