2026 жылғы 20 қараша мен 17 желтоқсан аралығында «Несвиж» Ұлттық тарихи-мәдени музей қорығында Түркістан қаласындағы «Әзірет Сұлтан» Ұлттық тарихи-мәдени музей қорығының «Көгілдір күмбездің құпиясы» атты халықаралық көрмесі өтеді.
Көрмеде келушілер көне Түркістанның бай тарихи-мәдени мұрасымен және Қожа Ахмет Ясауи кесенесінің бірегей сәулет өнерімен таныса алады.
Өтетін орны: «Несвиж» ұлттық тарихи-мәдени музей-қорығының Сарай ансамблі.
Тұрақты экспозицияға кіру билетінің бағасы:
Ересектерге – 30 беларусь рублі
Балаларға – 15 беларусь рублі
Баршаңызды Қазақстанның мәдени және рухани мұрасымен жақынырақ танысуға шақырамыз!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.








