1 / 3
Түркияның Амасия қаласында 19 жасқа дейінгі жастар арасында тоғызқұмалақтан өткен әлем чемпионатында астаналық спортшы Ақиқат Исатай қола медаль жеңіп алды, деп хабарлайды Астана әкімдігінің ресми сайты.
Биылғы әлем біріншілігіне 12 елден 70-тен астам спортшы қатысты. Атап айтқанда, Колумбия, Ауғанстан, Бангладеш, Ирак, Түркия, Украина, Румыния, Чехия, Литва, Қырғызстан, Түрікменстан және Қазақстан елдерінің жас тоғызқұмалақшылары өзара бақ сынады.
Халықаралық додада блиц бағдарламасы бойынша ұлдар арасында сынға түскен елордалық Ақиқат Исатай үздік үштіктің қатарынан көрініп, әлем чемпионатының қола жүлдесін иеленді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









