Жамбыл облысында әлеуметтік желілердегі кальян жарнамасының жолы кесілуде

    Жамбыл облысында әлеуметтік желілердегі кальян жарнамасының жолы кесілуде

    Әлеуметтік желілерде түтіні будақтаған кальянның әдемі суреттері, тартымды ұсыныстар мен демалыс орындарына шақырулар жиі жарияланады. Алайда мұндай жарнамалардың астарында заң талаптарын бұзу деректері жатуы мүмкін.

    Жамбыл облысының Полиция департаменті қызметкерлері интернет кеңістігіне тұрақты түрде мониторинг жүргізеді. Полицейлердің назарына кальян өнімдері мен келушілерге оны шегу қызметін ұсынатын орындарды жарнамалайтын жарияланымдар ілікті.

    Заң талаптарын бұза отырып жарнама орналастырған нысандар анықталғаннан кейін, полицейлер сол орындарда тексеру жұмыстарын жүргізді. Нәтижесінде Тараз қаласындағы 7 кафе мен барда заң бұзушылықтар анықталып, мекеме әкімшілері әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Бұл бағыттағы жұмыс жүйелі түрде жүргізілуде. Мекеменің танымалдығы мен әлеуметтік желідегі жазылушылар саны оның иелері мен әкімшілерін заң талаптарын орындау міндетінен босатпайды.

    Полиция департаменті әлеуметтік желілерге мониторинг жүргізуді жалғастырып, анықталған әрбір заң бұзушылық дерегі бойынша тиісті шаралар қабылдайды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысының Полиция департаменті" жаңалықтары