«Заң мен тәртіп» қағидатын іске асыру аясында Жетісу облысы Полиция департаментінің бастығы, полиция генерал-майоры Сарқытбай Құсаинов азаматтарды тұрақты түрде жеке қабылдап келеді.
Кездесу барысында өңір тұрғындары Департамент басшысына тікелей жүгініп, өздерін толғандырған мәселелерді көтеруге, туындаған проблемалар туралы хабарлауға және қажетті түсіндірмелер алуға мүмкіндік алады.
Әрбір өтініш жеке тәртіппен қаралады. Азаматтардың құқықтары мен заңды мүдделерін қорғауға, келіп түскен өтініштерді объективті қарауға және полиция құзыретіне кіретін мәселелер бойынша уақтылы шаралар қабылдауға ерекше назар аударылады.
Ашық диалогтың мұндай форматы тұрғындардың өтініштеріне жедел ден қоюға ғана емес, сонымен қатар азаматтардың ішкі істер органдарына деген сенімін нығайтуға ықпал етеді.
Жетісу облысының Полиция департаменті азаматтардың белгіленген тәртіппен Департамент басшылығының жеке қабылдауына жазыла алатынын еске салады.
«Заң мен тәртіп» қағидаты – қоғамдық тәртіпті қамтамасыз ету ғана емес, сонымен қатар полиция қызметінің ашықтығы, қолжетімділігі және әрбір азаматтың үнін естуге дайын болуы.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









