Жетісуда жас сақшылар қатары толықты

    1 / 2

    Жетісу облысы Ақсу ауданының Жансүгіров ауылындағы Жүрімбек Сыдықов атындағы орта мектепте «Жас сақшы» сыныбының салтанатты ашылу рәсімі өтті.

    Аталған іс-шара «Заң мен тәртіп» қағидаты аясында өскелең ұрпақты отансүйгіштікке, тәртіптілікке, жауапкершілікке және заңға құрметпен қарауға тәрбиелеу мақсатында ұйымдастырылды.

    Сонымен қатар мектепте қызметтік борышын атқару кезінде қаза тапқан полиция капитаны Руслан Талғатұлы Абибмуратовтың құрметіне арнайы сынып кабинеті ашылды. Бұл бастама — ел тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігі жолында қызмет еткен полиция қызметкерінің ерлігін ұлықтап, оның есімін жас ұрпақтың жадында сақтауға бағытталған тағылымды іс.

    «Жас сақшы» сыныбының ашылуы — жасөспірімдердің құқықтық сауаттылығын арттыруға, патриоттық рухын нығайтуға және полиция қызметіне деген қызығушылығын қалыптастыруға жасалған маңызды қадам.

    Жетісу облысының полиция департаменті жас сақшыларға оқуда озат болып, елінің абыройлы, заңды құрметтейтін және жауапкершілігі жоғары азаматтары болып қалыптасуына тілектестік білдіреді.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары