Жетісу облысы Полиция департаментінің патрульдік полиция ротасының қызмет инспекторы, полиция аға лейтенанты Руслан Уранкаев ішкі істер органдарында 14 жылдан бері абыройлы қызмет атқарып келеді.
Бала кезінен полиция қызметкері болуды армандаған ол өз болашағын құқық қорғау саласымен байланыстырып, бүгінде ел тыныштығы мен азаматтардың қауіпсіздігін қамтамасыз ету жолында еңбек етуде.
Күнделікті қызмет барысында Руслан Уранкаев қоғамдық тәртіпті сақтауға, жол қозғалысы қауіпсіздігін қамтамасыз етуге және құқық бұзушылықтардың алдын алуға өз үлесін қосып келеді.
Полиция қызметі үлкен жауапкершілікті, төзімділікті және кез келген жағдайда жедел әрі дұрыс шешім қабылдауды талап етеді. Осы қағидаларды берік ұстанған тәртіп сақшысы үшін азаматтардың сенімі мен қауіпсіздігі әрқашан бірінші орында.
14 жылдық қызмет жолында жинақтаған тәжірибесі мен мамандығына деген адалдығы оның өз ісіне жауапкершілікпен қарайтын қызметкер екенін көрсетеді.
Бала күнгі арманын өмірлік мамандығына айналдырған Руслан Уранкаев алдағы уақытта да халыққа адал қызмет етуді басты міндеті санайды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









