Жетісу облысында полиция қызметкерлері тыйым салынған орындарда темекі шегу деректерін анықтауды жалғастыруда

    1 / 2

    Жетісу облысы Полиция департаментінің Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы қоғамдық орындарға тұрақты түрде мониторинг жүргізуде.

    Бейнемониторинг барысында заңнамаға сәйкес тыйым салынған орындарда темекі шегу деректері анықталуда. Тіркелген құқық бұзушылықтар туралы ақпарат тиісті шаралар қабылдау үшін патрульдік полиция жасақтарына жедел жеткізіледі.

    Құқық бұзушылар заңда белгіленген тәртіппен әкімшілік жауапкершілікке тартылады.

    Полиция тыйым салынған орындарда темекі шегу заң талаптарын бұзып қана қоймай, айналадағы адамдардың денсаулығына да зиян келтіретінін ескертеді.

    Азаматтарды белгіленген талаптарды сақтауға, айналасындағыларға құрметпен қарауға шақырамыз. Заң мен қоғамдық тәртіпті сақтау – әрбір азаматтың жауапкершілігі.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары