Текелі тұрғыны TikTok желісіндегі тікелей эфирде бейәдеп сөздер қолданғаны үшін айыппұл арқалады

    1 / 2

    Әлеуметтік желілерге жүргізілген кезекті мониторинг барысында Жетісу облысының полиция қызметкерлері TikTok платформасындағы тікелей эфир кезінде бейәдеп сөздер қолдану дерегін анықтады.

    Атап айтқанда, Текелі қаласының 30 жастағы тұрғыны Михаил Козловский тікелей эфир барысында көпшілік алдында бейәдеп сөздер айтып, қоғамдық тәртіп нормаларын бұзған.

    Аталған дерек бойынша ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды. Сот қаулысымен оған 20 АЕК мөлшерінде айыппұл салынды.

    Полиция әлеуметтік желілерде заң талаптарын бұзғаны үшін де жауапкершілік қарастырылғанын еске салады. Қоғамдық тәртіп пен әдеп нормаларын сақтау қоғамдық орындарда да, интернет кеңістігінде де міндетті.

    «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының Полиция департаменті" жаңалықтары