ЕАЭО-ның кеден заңнамасындағы маңызды өзгерістер!

    ЕАЭО-ның кеден заңнамасындағы маңызды өзгерістер!

    ҚР Қаржы министрлігі Мемлекеттік кірістер комитеті Еуразиялық экономикалық комиссия (ЕЭК) Алқасының кедендік рәсімдерді оңайлатуға және өзектендіруге бағытталған екі шешімінің күшіне енуі туралы сыртқы экономикалық қызметке (СЭҚ) қатысушыларды хабардар етеді.

    🔹 2026 жылғы 23 қазаннан бастап – ЕЭК Алқасының 2026 жылғы 21 қыркүйектегі №122 шешімі

    Кедендік төлемдерді төлеу бойынша жеңілдіктер сыныптауышының 1.1-кіші бөліміне техникалық түзетулер енгізілді (Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 қыркүйектегі №378 шешімі).

    Атап айтқанда, «ЭЕ» коды бар позициялардағы «ЭК» коды туралы сілтеме «АК» кодына ауыстырылды, сондай-ақ «ЭК» кодының өзі «АК» кодымен алмастырылды.

    🔹 2026 жылғы 22 қарашадан бастап – ЕЭК Алқасының 2026 жылғы 20 қазандағы №133 шешімі

    Тауарларға арналған декларацияны толтыру тәртібіне өзгерістер енгізілді (Кеден одағы Комиссиясының 2010 жылғы 20 мамырдағы №257 шешімі).

    Атап айтқанда:
    * тауарларды әкету кезінде енді жүк тиеліп қойған көлік құралы туралы ғана емес, оған жүк тиелетін көлік құралы туралы да мәліметтерді көрсетуге болады;
    * уақытша тауарларға арналған декларацияда көлік құралдары туралы мәліметтер көрсетілетін баған декларанттың қалауы бойынша толтырылады (егер онда нақты мәліметтер болған жағдайда).

    📌 Сыртқы экономикалық қызметке қатысушылардан тауарларға арналған декларацияларды беру кезінде аталған өзгерістерді ескеруді сұраймыз.

    #МКК #Кеден #ЕАЭО #СЭҚ #ТауарларғаАрналғанДекларация #ҚазақстанБизнесі #КеденЖаңалықтары #закон_и_порядок #заң_мен_тәртіп

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаменті" жаңалықтары