⚠️ Қазақстанда ауыл шаруашылығы жануарларының аналық басын әкетуге уақытша тыйым салынды
Бірлескен бұйрықпен Қазақстан Республикасының аумағынан (оның ішінде Еуразиялық экономикалық одаққа мүше мемлекеттерге) мынадай жануарлар түрлерін әкетуге алты ай мерзімге тыйым енгізіледі:
📌Маркер списка Ірі қара малдың аналық басы (ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0102);
📌Маркер списка Ұсақ малдың аналық басы (ЕАЭО сыртқы экономикалық қызметтің бірыңғай тауар номенклатурасының коды 0104).
Шараның мақсаты: ұлттық қауіпсіздікті қорғау, сауда қызметін реттеу және азық-түлік пен шикізаттың ішкі нарығындағы жағдайды тұрақтандыру.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









