
2026 жылғы 11 қыркүйекте Жамбыл облысы бойынша Мемлекеттік кірістер департаментінің қызметкерлері күштік құрылымдар, құқық қорғау және мемлекеттік органдар өкілдері арасында өткен дәстүрлі жыл сайынғы облыстық футбол турниріне қатысты.
Турнир Ұлттық қауіпсіздік комитетінің подполковнигі Адылбай Дастан Адылбайұлының рухына арналды.
Жамбыл облысы бойынша МКД командасы Департамент намысын лайықты қорғап, командалық рух, өзара қолдау және жеңіске деген жігер танытты.
🏆 Бұл жолы команда жүлделі орынға ие бола алмады. Дегенмен, бастысы - қатысу, спорттық бірлік және командалық өзара іс-қимылды нығайту.
Мұндай іс-шаралар ұжымның ауызбіршілігін арттыруға, мемлекеттік және құқық қорғау органдары арасындағы достық байланысты нығайтуға және салауатты өмір салтын насихаттауға ықпал етеді.









