ТҮРКІСТАННЫҢ ТАРИХЫН ТАНЫТҚАН КӨРМЕ ӨТТІ

    1 / 4

    Түркістан қаласындағы «Конгресс холл» кешенінде Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Көркем академиясының академигі Айнабек Оспановтың 70 жылдық мерейтойына орай «Түркістанды тану» атты жеке шығармашылық көрмесі өтті. Іс-шара аясында аттас көрме жинағының тұсаукесері ұйымдастырылды.

    Көрменің ашылу салтанатына Түркістан облысы әкімінің орынбасары Ертай Алтаев қатысып, мерейтой иесін құттықтады.

    – Айнабек Мыңжасарұлы – қазақ бейнелеу өнерінің дамуына өзіндік үлес қосып, ұлттық өнердің өрісін кеңейтуге еңбек сіңірген бірегей суретші. Сіз көпжылдық шығармашылық ізденісіңіз бен еңбегіңіздің нәтижесінде ұлттық болмысымызды, туған жердің тарихы мен рухани құндылықтарын көркем туындыларыңыз арқылы танытып келесіз. Әсіресе, Түркістанның бай тарихын, қасиетті мекеннің қадір-қасиетін, тарихи тұлғалар мен туған өлкенің көркем келбетін өнер тілімен бейнелеген шығармаларыңыздың орны ерекше.

    Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев атап өткендей, озық ойлы ұлт қалыптастыруда мәдениет пен өнердің, ұлттық руханияттың маңызы зор. Бүгінгі мерейтой аясында ұйымдастырылып отырған «Түркістанды тану» жеке шығармашылық көрмесі – суретшінің көпжылдық еңбегі мен ізденістерін көпшілікке таныстырып, ұлттық өнерімізді дәріптейтін маңызды мәдени оқиға. Сонымен қатар көрме Түркістанның тарихи-мәдени келбетін өнер арқылы танытуға және өңірдің рухани-мәдени әлеуетін кеңінен насихаттауға үлес қосады деп сенеміз. Сізді мерейлі 70 жасқа толуыңызбен шын жүректен құттықтаймыз! – деді Ертай Кенжебекұлы.

    Сондай-ақ іс-шара барысында Түркістан облысы бойынша Экономикалық тергеп-тексеру департаментінің басшысы Сабырғали Балғалиевтің атынан бірқатар қонаққа марапаттар табысталды.

    Мерейтой иесін құттықтау мақсатында Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, Қазақстан Республикасы Мемлекеттік сыйлығының иегері, Қазақстан Халық кеңесінің мүшесі, белгілі суретші-кескіндемеші Жанұзақ Мүсәпір, белгілі өнертанушы, суретші-кескіндемеші, график, Қазақстан Республикасының Мәдениет қайраткері, «Мәдениетті қолдау жылы» эмблемасының авторы әрі көрме каталогының авторы Жеңіс Нұрлыбаев сөз сөйледі.

    Сонымен қатар М. Әуезов атындағы университеттің қоғаммен байланыс және мәдениет жөніндегі проректоры, педагогика ғылымдарының докторы, академик Садыбек Бейсенбаев және Орталық Азия инновациялық университетінің «Ақпараттық технологиялар және дизайн» кафедрасының меңгерушісі, техника ғылымдарының кандидаты, доцент Егенберді Теңізбаев ізгі тілектерін білдірді.

    Көрме авторы, Қазақстанның еңбек сіңірген қайраткері, ҚР Көркем академиясының академигі Айнабек Оспанов қорытынды сөз сөйлеп, көрменің ұйымдастырылуына атсалысқан азаматтарға алғысын білдірді.

    Іс-шара соңында қонақтар көрмені тамашалап, естелік суретке түсті.

    Түркістан облысы әкімінің баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Түркістан облысы Отырар ауданы Шәуілдір ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары