Жетісу облысының туристік әлеуеті НТВ телеарнасының «Поедем, поедим!» бағдарламасында таныстырылады

    1 / 9

    Жетісу облысында НТВ телеарнасының танымал «Поедем, поедим!» бағдарламасының түсірілім жұмыстары өтті. Бағдарлама түсірілім тобы өңірдің туристік әлеуетімен, табиғи көрікті жерлерімен, мәдениетімен, ұлттық дәстүрлері және жергілікті тағамдарымен танысты.

    Түсірілім тобының Жетісу облысына сапары облыстық туризм басқармасының бастамасымен ұйымдастырылды. Осыған орай Жетісу облысы әкімінің орынбасары Марлен Көлбаев түсірілім тобымен кездесіп, өңірдің туристік мүмкіндіктері мен оны кеңінен насихаттау бағыттарын талқылады.

    17–19 қараша аралығында бағдарлама жүргізушісі Федерико Арнальдидің қатысуымен өңірдің бірқатар туристік орындарында түсірілім жұмыстары жүргізілді. Түсірілім барысында топ «Алтын-Емел» мемлекеттік ұлттық табиғи паркіне, Ақтау тауларына, Текелі қаласы мен Талдықорған қаласына барды.

    Сапар аясында қонақтар Жетісудың қайталанбас табиғатымен, көрікті ландшафттарымен, ұлттық дәстүрлері мен қолөнерімен танысты. Сонымен қатар өңірдің гастрономиялық ерекшеліктеріне назар аударылып, жергілікті тағамдар ұсынылды.

    Бағдарлама түсірілімінің басты мақсаты – Жетісу облысының туристік әлеуетін кеңінен таныстыру, өңірдің табиғи және мәдени ерекшеліктерін көрсету, сондай-ақ отандық және шетелдік көрермендердің назарын аймақтың туристік бағыттарына аудару.

    Облыстық туризм басқармасының мәліметі бойынша дайындалды.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысының туризм басқармасы" жаңалықтары