Тарихи ескерткіш маңында отшашу ұйымдастырған азаматтар жауапкершілікке тартылды
🚨 Тараз қаласында Тәуке хан көшесіндегі «Қазақ хандығының 550 жылдығы» монументінің маңында отшашу ұйымдастырған азаматтар әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
⚖️ Аталған дерек бойынша құқық бұзушыларға заңнамаға сәйкес тиісті шаралар қабылданды.
❗️ Соңғы уақытта түнгі сағат 00:00-де отшашу ұйымдастыру өзіндік дәстүрге айналып барады. Азаматтар осылайша жақындарын туған күнімен құттықтап, мерейтой, үйлену тойы және басқа да маңызды оқиғаларды атап өтеді.
📌 Алайда мерекелік себептер айналадағы адамдардың тыныштығын бұзуға негіз бола алмайды. Түнгі уақытта пиротехникалық бұйымдарды қолдану қоғамдық тыныштықты бұзып, әкімшілік жауапкершілікке әкеп соғады.
🎇 Жыл басынан бері тыныштықты бұзғаны үшін, оның ішінде түнгі уақытта отшашу ұйымдастырғаны үшін 1 418 адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
🔥 Сонымен қатар, отшашуды белгіленбеген орындарда пайдалану адамдардың қауіпсіздігіне қатер төндіріп, өрт шығуына және жарақат алуға себеп болуы мүмкін.
🖇️ 10 қарашадан 3 қаңтарға дейін Жамбыл облысының аумағында «Пиротехника» жедел-профилактикалық іс-шарасы өткізілуде.
👮🏻♂️ Полиция департаменті мерекелік көңіл күй заң талаптарын бұзғаны үшін жауапкершіліктен босатпайтынын ескертеді. Азаматтарды қоғамдық тәртіпті сақтауға, айналасындағылардың тыныштығын құрметтеуге және қауіпсіздікке жауапкершілікпен қарауға шақырамыз.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









