Таразда этномәдени орталықтың автотұрағында дрифт жасаған жүргізуші жауапқа тартылды
Жедел басқару орталығының қызметкерлері бейнебақылау камералары арқылы бақылау жүргізу барысында жол жүрісі қағидаларын өрескел бұзу дерегін анықтады.
23 жастағы Lada автокөлігінің жүргізушісі этномәдени орталықтың автотұрағында дрифт жасап, айналасындағылардың өміріне қатер төндірген әрі жол жабынына зақым келтірген.
Жедел қабылданған шаралардың нәтижесінде патрульдік полиция қызметкерлері автокөлікті анықтап, жүргізушіні жолдар мен басқа да жол құрылыстарын бүлдіргені үшін әкімшілік жауапкершілікке тартты.
Полиция ескертеді: қоғамдық орындар қауіпті маневр жасауға арналған алаң емес!
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









