Сатып алудағы отандық ауыл шаруашылығы техникасының үлесі 95%-ға дейін өсті

    Қазақстандық ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға арналған жеңілдіктері бар лизингтік бағдарламаларды енгізгенінің арқасында сатып алуларда отандық өндірістің үлесі 95%-ға жетті. Бұл туралы ҚР Премьер-Министрі Олжас Бектеновтің төрағалығымен өткен Үкімет отырысында «Атамекен» ҰКП төрағасы Қанат Шарлапаев баяндады.

    Ауыл шаруашылығы министрлігі мен Палатаның бірлескен жұмысы «Агробизнес» бағдарламасы аясында ауыл шаруашылығы өнімін өңдеу кәсіпорындарына жеңілдіктері бар қаржыландыруды енгізуге де мүмкіндік берді. Айналым қаражаты жылдық 5% пайызбен беріледі.

    «Отандық өндірістің мүддесіне сай пестицидтер, тыңайтқыштар мен тұқымдар бойынша сараланған өтеу нормативтері бекітілді. Бұл шаралар саланың өнімділігін арттырып, қосылған құн өсіміне жол ашты», — деді «Атамекен» ҰКП төрағасы.

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Жетісу облысы Қаратал ауданы Жолбарыс батыр ауылдық округі әкімінің аппараты" жаңалықтары