2026 жылғы 18 қарашада Қарағанды облысының санитариялық-эпидемиологиялық бақылау департаменті ZOOM платформасы арқылы денсаулық сақтау ұйымдарының медицина қызметкерлері және қалалар мен аудандардың санитариялық-эпидемиологиялық бақылау басқармаларының мамандарымен «Қарағанды облысындағы вирустық гепатиттермен сырқаттанушылықтың эпидемиологиялық жағдайы, профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды ұйымдастыру және жүргізу» тақырыбында семинар-кеңес өткізді.
Семинар барысында қатысушылардың назары Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 26 мамырдағы № ҚР ДСМ-44 «Вирустық гепатиттер мен АИТВ-инфекциясы бойынша санитариялық-эпидемияға қарсы, санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптарды бекіту туралы» қолданыстағы бұйрығына сәйкес «А» вирустық гепатиті бойынша профилактикалық және эпидемияға қарсы іс-шараларды уақтылы ұйымдастыру мәселелеріне аударылды.
Сонымен қатар, Қарағанды облысындағы 2026 жылдың 10 айының қорытындысы бойынша вакцинамен басқарылатын инфекциялар бойынша эпидемиологиялық жағдай және иммунопрофилактиканың жай-күйі туралы мәселе қамтылды.
Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрінің 2021 жылғы 2 ақпандағы № ҚР ДСМ-13 «Профилактикалық егулер жүргізілетін инфекциялық аурулармен ауыратын науқастарға қатысты санитариялық-эпидемияға қарсы және санитариялық-профилактикалық іс-шараларды ұйымдастыруға және жүргізуге қойылатын санитариялық-эпидемиологиялық талаптар туралы» қолданыстағы бұйрығына сәйкес 2026 жылғы сырқаттанушылықтың жас ерекшеліктері және әлеуметтік-кәсіптік құрылымы бойынша мәліметтер ұсынылды.
«Абай ауданының аудандық ауруханасы» ШЖҚ КМК-ның дәрігер-инфекционисі Айтпаева Сания Фанильевна «А» вирустық гепатитімен ауыратын науқастардың клиникасы, диагностикасы және медициналық көмек көрсету мәселелері бойынша баяндама жасады. Баяндамада «А» вирустық гепатитінің клиникалық түрлері баяндалып, әсіресе балалардағы симптоматикалық көріністерге ерекше назар аударылды.
Департамент тарапынан эпидемиологиялық анамнезді мұқият жинауға, инфекцияның қауіп факторлары мен берілу жолдарын анықтауға, инфекция көзін анықтап, байланыста болған адамдар тобын белгілеуге, сондай-ақ диагнозды растау мақсатында науқастарға вирусологиялық зерттеулер жүргізуге ерекше назар аударылды.
Семинар қорытындысы бойынша қатысушыларға тәуекел топтарына жататын адамдар арасында «А» вирустық гепатитіне қарсы вакцинациямен қамтуды қамтамасыз ету және халық арасында ақпараттық-түсіндіру жұмыстарын жандандыру жөнінде ұсынымдар берілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









