ШҚО қолөнершілері өз өнімдерін SHEBER маркетплейсі арқылы сата алады

    1 / 2

    Қазақстанда «Атамекен» ұлттық кәсіпкерлер палатасы SHEBER маркетплейсін іске қосты. Осыған орай Шығыс Қазақстан облысының кәсіпкерлер палатасы (ШҚО КП) жергілікті қолөнер шеберлерін жобаға қосылуға шақырады.

    – Шығыс Қазақстанда киізден, ағаштан, былғарыдан бірегей бұйымдар жасайтын, ұлттық киімдер, әшекейлер мен кәдесыйлар дайындайтын талантты қолөнершілер аз емес. Алайда олардың көпшілігі үшін сатып алушыларды табу және өнімдерін ілгерілету басты мәселелердің бірі болып отыр. Жаңа SHEBER платформасы шеберлерге бөлшек саудадағы сатып алушылармен қатар корпоративтік тапсырыс берушілерге де тікелей шығуға мүмкіндік береді. Бұл – шеберхананың орналасқан жеріне қарамастан, өз бұйымдарын Қазақстанның барлық өңірінде сату мүмкіндігі, – деп хабарлады ШҚО Кәсіпкерлер палатасынан.

    Маркетплейстің басты артықшылықтары – тауарларды тегін орналастыру, сатылымнан комиссия алынбауы және төлемнің тікелей сатушыға түсуі.

    SHEBER қосымшасы туралы толық ақпаратты, оның ішінде қосымшаға сілтемелерді, қолөнер шеберлерін, жеке кәсіпкерлер мен ЖШС-ларды тіркеу шарттарын, кеңес алу үшін байланыс нөмірлерін мына сілтеме арқылы білуге болады: https://www.gov.kz/org/akimvko/press/news/details/1331052?lang=kk

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары