Үлкен Нарын ауданында 30 пәтерлі үйді жыл соңына дейін пайдалануға беру жоспарланған

    1 / 2

    Жаңа үйдің жалпы ауданы - 1 382 шаршы метр. Пәтерлердің 12-сі бір бөлмелі, 18-і екі бөлмелі. «NNTR GROUP» ЖШС құрылысты 2026 жылғы мамырда бастады.

    Бұл туралы Үлкен Нарын ауданы әкімінің орынбасары Нұртуған Маратұлы ШҚО Өңірлік коммуникациялар қызметінде өткен брифингтеайтты.

    2026 жылдың алғашқы 10 айында ауданда 771,4 млн теңгенің өнеркәсіп өнімі өндірілді. Өткен жылдың сәйкес кезеңімен салыстырғанда өсім 10 пайызды құрады. Ауыл шаруашылығының жалпы өнімі 36 пайызға өсіп, 22,6 млрд. теңгеге жетті. Негізгі капиталға 13 млрд. теңге инвестиция салынды. Құрылыс жұмыстарының көлемі 2,97 млрд. теңгені құрады.

    Ауданда 1 211 шағын кәсіпкерлік субъектісі жұмыс істейді. Биыл «Ауыл аманаты» бағдарламасы аясында тоғыз жобаға 145,1 млн. теңге бөлінді. Қаржы етті бағыттағы қой шаруашылығы мен туризмді дамытуға, жартылай дайын өнім өндіруге және ауыл шаруашылығы техникасын сатып алуға жұмсалады.

    Алтынбел-Үштөбе жолы биыл ағымдағы жөндеуден өтті. 2027 жылғы жоспарда Үлкен Нарын ауылындағы Абылайхан көшесін қайта жаңғырту, бірнеше елді мекеннің көшелері мен аудандық маңызы бар жолдарды жөндеу көзделген.

    Үлкен Нарында тұрғындар жаңартылған су құбырына қосылды. Қазір мұнда 9,9 шақырым жылу желісі ауыстырылып жатыр. Көкбастауда орталықтандырылған су жүйесінің құрылысы басталды. Оны 2027 жылы аяқтау жоспарланған.

    Мектептерде жаңа оқу кабинеттері жабдықталды. Медициналық ұйымдар үшін компьютерлік томограф, жылжымалы рентгендік маммография кешені және ультрадыбыстық зерттеу аппараттары сатып алынды. Ново-Хайрузовка ауылында фельдшерлік-акушерлік пункттің құрылысы аяқталды. Нысан жыл соңына дейін ашылмақ.

    Шалғай елді мекендерде интернетке қолжетімділікті арттыру үшін Егінді, Сенное және Приморское ауылдарына Starlink, ал Жұлдыз ауылдық клубына OneWeb спутниктік байланыс жабдықтары орнатылды.

    Көкбастауда спорт залы ашылды. Үлкен Нарында дене шынықтыру-сауықтыру кешені салынып жатыр. Ауданда ипподром салу, стадион мен орталық саябақты қайта жаңғырту да жоспарда бар. Биыл аудан аумағына 4 600 түп ағаш көшеті отырғызылды.

    Дереккөз: ШҚО ӨКҚ

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының әкімдігі" жаңалықтары