1 / 4
Басқарманың жұмыс жоспарына сәйкес, 17 қараша күні Азаматтық ресурстық орталықта Мемлекеттік кірістер басқармасы мамандарының қатысуымен ашық есік күні өткізілді.
Іс-шара аясында үкіметтік емес ұйым өкілдеріне ақпараттық және құқықтық көмек көрсетілді. Қатысушылар салық салу, салық есептілігін дайындау және тапсыру, салық міндеттемелерін орындау мәселелері бойынша кеңес алды.
Сонымен қатар, ұйым өкілдерінің қызмет барысында туындаған сұрақтарына жауап беріліп, тәжірибелік ұсынымдар берілді.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









