ҚР ІІМ бұйрығы негізінде Атырау облысы бойынша Қылмыстық-атқару жүйесі департаментіне қарасты 15 мекемесіне қосымша штат қосылып Ұлттық ұланының 5546 әскери бөлімінен өз еріктерімен өтініш білдірген қызметкерлер берілді.
Осы іс-шара аясында жеке құрамның қатысуымен мерекелік жиын өткізіліп, әскери қызметшілерді Қазақстан Республикасы Ішкі істер министрлігінің қарамағына беру жөніндегі құрылымдық өзгерістердің мәні мен тәртібі түсіндірілді.
Жиын барысында департаментке қарасты 15 мекемесінде қызметтерін жалғастыру, яғни негізгі қызмет бағыттары, атқаратын міндеттеріне жауапты қарауды, қызметтік тәртіп пен қойылатын талаптар туралы жан-жақты ақпарат берілді. Сонымен қатар, қабылданған қызметкерлерімізге жаңа қызметтік ортаға бейімдеу, алдағы міндеттерді үйлестіру және кәсіби даярлық деңгейін арттыру мәселелері талқыланды.
Іс-шара соңында Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаменті тарапынан 5546 әскери бөлімінің басшылығы мен жеке құрамына осы уақытқа дейінгі өзара ынтымақтастық пен атқарылған абыройлы қызметтері үшін алғыс білдіріліп, естелік сыйлық табысталды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









