Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінде Ш. Қабылбаев атындағы Қазақстан Республикасы ІІМ академиясын тәмамдап, қызметке жаңадан қабылданған жас мамандардың қатысуымен түсіндіру жұмыстарына бағытталған жиналыс өткізілді.
Жиын барысында жас қызметкерлерге қызметтік тәртіпті сақтау, сыбайлас жемқорлыққа қарсы іс-қимыл, заңдылық талаптарын қатаң ұстану, құқық бұзушылықтарға жол бермеу және қызметтік әдеп нормаларын сақтау мәселелері бойынша түсіндіру жұмыстары жүргізілді.
Сонымен қатар, жас мамандардың кәсіби қалыптасуына, қызметтік міндеттерін жауапкершілікпен атқаруына және алдағы қызметіне деген ынтасын арттыруға ерекше назар аударылды. Оларға жан-жақты қолдау көрсетіліп, қызмет барысында кездесетін мәселелер бойынша бағыт-бағдар берілді.
Жиынның негізгі мақсаты – жас мамандардың кәсіби біліктілігін арттыру, құқықтық сауаттылығын нығайту және қызметтік міндеттерін адал әрі абыроймен атқаруға ынталандыру.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









