
Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінде заңдылық пен қызметтік тәртіпті сақтау мәселелеріне арналған жиын өткізілді.
Жиынды Атырау облысы бойынша ҚАЖ департаментінің бастығы, әділет полковнигі Берік Бакулин ашып, қызметтік тәртіпті сақтау мен заң талаптарын қатаң орындаудың маңыздылығын атап өтті.
Аталған жиында Атырау облысы ПД Өзіндік қауіпсіздік басқармасының бастығы, полиция подполковнигі Асхат Аскербеков сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті қалыптастыру, құқық бұзушылықтардың алдын алу, сондай-ақ тәртіп пен заңдылықты қатаң сақтау бағыттарына нақты тоқталды. Және де қызметтік тәртіпті сақтау, заңдылықты қамтамасыз ету және сыбайлас жемқорлықтың алдын алу бағытында түсіндіру жұмыстарын жүргізді.
Кездесу барысында полицияқызметкерлерінің кәсіби әдепнормаларын сақтау,азаматтармен қарым-қатынастамәдениеттілік пенжауапкершілікті арттыру, сондай-ақ қызметтік міндеттерді адал әрісапалы атқару арқылы коғамныңқұқық, қорғау органдарына дегенсенімін нығайту маселелеріталқыланды.
Сонымен қатар, моральдық-психологиялық ахуалға қатысты анықталған кемшіліктерді жою және олардың алдын алу бойынша тиісті түсіндіру жұмыстары жүргізілді.








