Қоршаудан тыс жерде де тәртіп сақталуы тиіс: ШҚО-да абаттандыру қағидаларын бұзу дерегі тоқтатылды

    Қоршаудан тыс жерде де тәртіп сақталуы тиіс: ШҚО-да абаттандыру қағидаларын бұзу дерегі тоқтатылды

    Тазалық әркімнің өз ауласынан басталады, алайда оның шекарасымен шектелмейді. Алтай ауданының Крестовка ауылында жергілікті тұрғын күл-қоқысты өз ауласының сыртына төгіп, абаттандыру қағидаларын бұзған.

    Құқық бұзушылықты полиция қызметкерлері Достық көшесінде тіркеді. 57 жастағы ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.

    Оған қатысты ҚР Әкімшілік құқық бұзушылық туралы кодексінің «Қалалар мен елді мекендердің аумақтарын абаттандыру қағидаларын бұзу, сондай-ақ инфрақұрылым объектілерін қирату, қалалар мен елді мекендердің жасыл желектерін жою және зақымдау» туралы бабы бойынша әкімшілік іс қозғалды. Істі қарау қорытындысы бойынша оған ескерту түріндегі жаза қолданылды.

    Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті абаттандыру қағидаларын сақтау – әрбір тұрғынның міндеті екенін еске салады. Қоғамдық аумақтарды ластау және белгіленген талаптарды бұзу құқық қорғау органдарының назарынан тыс қалмайды.

    «Заң мен тәртіп» қағидаты баршаға ортақ.

    ШҚО ПД баспасөз қызметі

    Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз

    Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.

    Ұқсас материалдар

    "Шығыс Қазақстан облысының Полиция департаменті" жаңалықтары