Абай облысы Әділет департаменті басшысының орынбасары Нұржан Серікұлы Кәдөш Семей телеарнасының «Елге сәлем» бағдарламасына қонақ болып, көрермендердің көкейіндегі өзекті сұрақтарға жауап берді.
📌 Бағдарлама барысында:
🔹 Әділет департаментінің негізгі міндеттері;
🔹 халықтың құқықтық сауаттылығын арттыру бағытында атқарылып жатқан жұмыстар;
🔹 азаматтардың тегін заң көмегін алу мүмкіндіктері;
🔹 электронды форматта көрсетілетін заманауи мемлекеттік қызметтер;
🔹 халық арасында жиі кездесетін құқықтық мәселелер талқыланды.
Құқықты білу – өз мүддеңді қорғаудың маңызды қадамы. Заңды білу және құқықтық мүмкіндіктерді дұрыс пайдалану әр азамат үшін маңызды.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









