1 / 6
Шардара ауданының әкімі Қарсыбаев Арман Романұлы аудандық мәслихаттың сегізінші шақырылымындағы депутаттарды қабылдады.
Кездесу барысында аудан басшысы депутаттардың өңірдің әлеуметтік-экономикалық дамуына, елді мекендердің өзекті мәселелерін шешуге, тұрғындардың әл-ауқатын арттыруға және халық пен билік арасындағы байланысты нығайтуға қосқан үлестерін атап өтіп, атқарған жұмыстарына алғысын білдірді.
Халықтың сенімін арқалап, ел игілігі жолында қызмет етіп жүрген депутаттардың ауданның өсіп-өркендеуіне қосқан үлесі зор. Олардың қоғамдық бастамаларды қолдауға, тұрғындардың талап-тілектерін жеткізуге және жергілікті маңызы бар мәселелердің оң шешімін табуына бағытталған еңбегі ерекше құрметке лайық.
Қабылдау барысында ауданның әлеуметтік-экономикалық дамуына сіңірген еңбегі мен ел игілігі жолындағы белсенді қызметі үшін төмендегі аудандық мәслихат депутаттары Муталиев Бултбай Лесбекұлы, Кеншім Бекмағамбет Мұсырманқұлұлы;Тлешова Құралай Құралбекқызы; Жалғасбай Талғат Серікбайұлы; Дүйсенов Дархан Нұрадилұлы; Қарабаев Ержан Қошқарұлы; Бектасов Дәулетбек Толбасыұлы; Базаров Бекарыс Ералханұлы; Раймұханов Болат Закариеұлы; Райымқұлов Берік Абдрасилұлы марапатталды.
Аудан әкімі Арман Романұлы Қарсыбаев марапат иелеріне ризашылығын білдіріп, алдағы уақытта да ел дамуы жолындағы қызметтеріне табыс, отбасыларына амандық, еңбектеріне береке тіледі.
Ел игілігі жолындағы еңбек – зор құрметке лайық!
Халықтың сенімін ақтап, туған жердің дамуына үлес қосу – үлкен жауапкершілік пен азаматтық парыз. Бірлігі бекем, мақсаты ортақ елдің болашағы жарқын болмақ.
Марапаттарыңыз құтты болсын! Еңбектеріңіз жемісті, ел алдындағы абыройларыңыз асқақ болсын!
Шардара ауданы әкімдігінің баспасөз қызметі.
Әлеуметтік желілерде memleket.kz-ке жазылыңыз
Қазақстанның маңызды жаңалықтары мен пайдалы материалдары — өзіңізге ыңғайлы платформада.









